Понти әкімшілігі Түркияның жәрдем ұсынысын қабылдады

Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігі орман өртін сөндіру мақсатты Түркия жіберетін өрт сөндіру ұшақтарын қабылдады.

516018
Понти әкімшілігі Түркияның  жәрдем ұсынысын қабылдады

Оңтүстік Кипр Понти Әкімшілігі Троодос тауы төңірегінде 3 күннен бері жалғасқан өртпен күресуде.

Өртті сөндіру үшін Түркияның 2 өрт сөндіру тікұшағы мен 1 ұшақ жібере алатыны жөніндегі ұсынысы Солтүстік Кипр Түрік Республикасы елбасы Мұстафа Акынжы тарапынан Понти әкімшілігіне жеткізілген болатын.

Понти әкімшілігі Түркияның бұл ұсынысына болымды жауап қайтарды.

Понти әкімшілігі басшысы Анастасиадис Акынжыға ұсынысты қабылдағандарын білдіріп, алғысын айтты.

Понтилер мұның алдында Солтүстік Кипр Түрік Республикасының жәрдем ұсынысын кері қайтарған болатын.

Қазір Израиль, Грекия, Ұлыбритания, Франция және Италиядан аймаққа барған тікұшақтар және ұшақтар өртті бақылауға алуға тырысуда.



Ұқсас жаңалықтар