ПЙД террор ұйымынан 51 террорист айырылды
Террористтер Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі бақылауындағы аймақты паналады.
Сирияда ПКК террор ұйымының тармағы ПЙД-нің қатарында соғысқан 51 террорист ұйымнан қашып, Ирак Күрд аймақтық әкімшілігі (IKBY) бақылауындағы аймақты паналады.
Ұйымнан қашқан топтың көпшілігі мұның алдында Сирия армиясынан қашқан күрд әскерлерден тұрады.
Топтағы 5 адамның ПКК террор ұйымынан келгені және осылардың екеуінің алаңда қолбасшылық жасағанын атап көрсетті.
Ирак шекараларындағы Хасеке қаласына қарасты Тель-Кожер ауданында ПЙД-ден айырылып, Ирактың Рабиға ауданына өткен топ осында қолдарындағы жеңіл және ауыр қаруларды қайтарды. Қарулардың көпшілігінің АҚШ қарулары екені атап көрсетілді.
Топ ПЙД-ден айырылуларына себеп ретінде «ұйымның күрд халқына өкілдік жасамағанын және режим күштерімен ынтымақтастық жасағанын» атап көрсеткен ақпарат көздері ПЙД-ден қашқан топ пен әскерлердің мұның алдында да өздерін паналағанын мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Иран ынтымақтастыққа дайын
Зариф Газадағы соғысты тоқтату үшін басқа елдермен ынтымақтастыққа дайын екендерін айтты.
"Зеленский демократтарды қолдайды" деді
Трамп «Зеленский 2024 жылғы сайлауда демократтардың жеңіске жетуін қалайды» деп мәлімдеді.