ДАИШ террор ұйымымен күреске НАТО да қатысады

Халықаралық коалицияның ДАИШ-пен күресіне одан белсенді қатысатынын жариялады.

515074
ДАИШ террор ұйымымен күреске НАТО да қатысады

АҚШ Қорғаныс министрі Эштон Картер НАТО-ның АҚШ басшылығындағы Халықаралық коалицияның ДАИШ-пен күресіне одан белсенді қатысатынын жариялады.

Картер ДАИШ-ке қарсы жалғасқан операцияларға қазірге дейін тікелей қолдау бермеген НАТО-ның ұйыммен күрес талпыныстарына одан көп үлес қосатынын атап айтты.

Бұған қарағанда НАТО алғашқы сатыда ерте ескерту жүйесімен қамтамасыз етілген AWACS (Эйвакс) барлау ұшақтарымен операцияға қосылады.

Радар және арнайы жабдықталған бұл ұшақтар Сирия мен Ирактағы операцияларға үлес қоса алады.

Эштон Картер күрес аясында НАТО-ның Ирактың қорғаныс күшін арттыру үшін қолдау беретінін де жариялады.



Ұқсас жаңалықтар