Эль-Фаллуджа құтқарылды

Ирак армиясы Эль-Фаллуджаның бақылауын террор ұйымы ДАИШ-тен кері алды.

513252
Эль-Фаллуджа құтқарылды

Ирактағы қақтығыс пен шабуылдарда 46 адам опат болды.  Жүзден астам адам жарақат алды.

Ирак армиясы стратегиялық деп қабылдаған Эль-Фаллуджаның бақылауын террор ұйымы ДАИШ-тен кері алды.

Армия Анбар уәлаятына қарасты аудандағы үкімет ғимараттары мен ауруханаларды алды.

Эль-Фаллуджадағы қақтығыстар Ирак армиясынан 22 әскер қаза тапты.  30 адам жараланды.

Кететін дәліздері жабылған террористтер де шегінген кезде ауыр соққы алды.

Армия ДАИШ шегінгеннен кейін аудан орталығына кірді.

Ирак премьер-министрі Хайдан әл Абади Ирак күштерінің Эль-Фаллуджаның орталығында бақылауды қамдағанын,  келесі мақсаттарының Мосулды кері алу екенін айтты.

Абади мемлекеттік телеарнада «Эль-Фаллуджа отанымыздың құшағына кері оралды.  Мақсатымыз Фаллуджа халқының қасиетін қорғау. Бейбіт азаматтардың қауіпсіздігін қамдау, оларға қолдау беру, жеке меншік және мемлекеттік мүліктердің қорғалуы үшін барлық ұйымдарға нұсқау бердім» деді.

Абади ДАИШ-ке үн қатып: «Сізге Иракта орын жоқ. Әрбір қылмыс үшін жазаландырыласыңдар. Ирак халқы сендерге қарсы бірлік болды. ДАИШ-тің соңғы мүшесін жерімізден шығару үшін келесі нысанамыз Мосул болады» деді.

Ирак армиясы Эль-Фаллуджаны террористтердің қолынан алу үшін бір ай бұрын операция бастаған болатын.

Осы үдерісте 50 мыңға жуық бейбіт халық ауданнан кетті.  Ауданда гуманитарлық дағдарыс шығына жетіп тұр.

Эль-Фаллуджадан шегінген ДАИШ террористтері Селахаддин уәлаятына қарасты түрікмен ауданы Тузхурматуға шабуылдады.  Шабуылда 17 адам қаз тапты.  Олардың бесеуі әскер. 50 адам жараланды.

Террор шабуылдарының нысанасында бас қала Бағдат та бар.

 Бас қаланың түрлі аудандарында болған 4 бөлек бомбалы лаңкестікте 7 адам қаза тапты. Олардың бірі әскер.  28 адам жарақат алды.

Шабуылдарды әлі ешкім мойындамады.



Ұқсас жаңалықтар