Парижде лаңкестік

Бір полиция қызметкері мен жұбайы өлтірілді.

510283
Парижде лаңкестік

Францияның бас қаласы Париждің солтүстік батысында түнде бір шабуылдаушы бір полиция мен жұбайын өлтірді.  Кепілге алу дағдарысының соңында шабуылдаушы өлтірілді.

Бұл лаңкестікті террор ұйымы ДАИШ мойындады.

Париждің солтүстік батысында болған оқиғада жұмыстан шығып үйіне бара жатқан полиция қызметкері үйінің есігінің алдында пышақтап өлтірілді.  Шабуылдаушы артынан ғимаратқа кіріп полиция қызметкерінің жұбайы мен балаларын кепілге алды.  Ғимаратқа полиция жасағы келіп, ғимаратты қоршауға алды.

Полиция мен шабуылдаушы арасындағы келіссөз нәтиже бермеген соң арнайы жасақ үйге басқын ұйымдастырды. Операцияда полиция қызметкерінің жұбайын өлтірген шабуылдаушы өлтірілді.  Балалар аман қалды.

Франция Ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы операциядан кейін жазбаша хабарлама жариялап,  шабуылды айыптады. Полицияның жұбайының да Ішкі істер министрлігі қызметкері екені анықталды.

Қанды шабуылдың бір ерекшелігі де 130 адам қаза тапқан Париж лаңкестіктерінен кейін төтенше жағдай жарияланған Францияда қараша айынан бері болған алғашқы лаңкестік болуы.



Ұқсас жаңалықтар