Сирияға гуманитарлық жәрдем.

Сирияда мөлшермен 600 мың адам қоршау астында өмір сүруде.

502719
Сирияға гуманитарлық жәрдем.

Сирияға гуманитарлық жәрдем.

Сирияда мөлшермен 600 мың адам қоршау астында өмір сүруде.

Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания және Франция Біріккен Ұлттар Ұйымына Сирияда қоршау астындағы аймақтарға әуеден гуманитарлық жәрдем бұйымдарын жеткізу жөнінде үндеу тастады.

Үш ел Сирия үкіметінің бұдан бұрын жасалған келісімді іске қоспағанын және 1 маусым күніне дейін қоршау астындағы аймақтарға жәрдем бұйымдарын жеткізілуіне рұқсат беру жөнінде қолынан келгенін істемегенін білдірді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі ертең жиналып, Сирияда қоршау астындағы аймақтарға әуеден гуманитарлық жәрдем жеткізілуін талқыға салады.

Кеңес жиналысынан бұрын АҚШ пен Ұлыбритания, Мәскеу және Тегеран әкімшіліктерінен Сирия үкіметі үстіндегі ықпалдарын қолдануларын, сондай-ақ әуеден жәрдем беруіне жасыл жырақ жағуын талап етті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының көрсеткіштеріне қарағанда Сирияда мөлшермен 600 мың адам қоршау астында өмір сүруде. Мемлекетте жәрдем жеткізілуі қиын аймақтарда өмір сүргендердің саны да 4 миллион 600 мыңнан астам.



Ұқсас жаңалықтар