Брюссельде шабуыл дайындығы жасаған 4 адам тұтқындалды

Брюссельде ДАИШ-ке бағытталған операциялар жаслғасуда.

497930
Брюссельде шабуыл дайындығы жасаған 4 адам тұтқындалды

Бельгияның астанасы Брюссельде 22 наурыз күні жасалған террор шабуылының артынан басталған операциялар жалғасуда.

Антвер қаласындағы операцияларда ДАИШ-ке мүше екендері алға тартылған 4 күдікті тұтқындалды.

Күдіктілердің 22 наурыз күні Брюссель әуежайы мен метроға шабуыл жасаған жанкешті шабуылдаушымен байланыстарының анықталғаны білдірілді.

Бельгиялық прокурорлар тұтқындалған 4 адамның елде жаңа бір террор шабуылы жоспарлағаны жайлы ақпаратқа қол жеткізілгенін мәлімдеді. Бірақ тақырыппен байланысты терең мағлұмат берілмеді.

Брюссель әуежайы және метроға жасалған террор шабуылында 32 адам қаза тауып, 270 адам жарақат алған болатын.

13 қараша күні Францияның астанасы Парижде жасалған шабуылда да 130 адам қаза тапқан еді.

Екі ел астанасында жасалған шабуылды ДАИШ террор ұйымы мойындаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар