Мысыр әуе жолдарына тиесілі бір жолаушы ұшағы құлады

Із-түссіз жоғалған жолаушы ұшағында 56 жолаушы мен 10 экипаж бар болатын.

493782
Мысыр әуе жолдарына тиесілі бір жолаушы ұшағы құлады

Мысыр әуе жолдарына тиесілі бір жолаушы ұшағы Грекияның Керпе аралы маңында құлады. Ұшақтағылардың жағдайы білінбейді.

Париж-Каир рейсі Мысыр әуе жолдарына тиесілі 804 нөмірлі жолаушы ұшағының радарлармен байланысы үзілді.

Ұшақта 56 жолаушы мен 10 адамнан тұратын экипажы бар екені жарияланды. Жолаушылардың 30-ы мысырлық, 15-і француз азаматы болған.

Грек әуе бақылау қызметкерлері ұшақ өздерінің әуе кеңістігінде ұшқан кезде байланыста екендерін және ұшқыштың кезкелген жедел жәрдем немесе төтенше жағдай сигналы бермегенін атап көрсетті.

Мысыр премьер-министрі ұшақтың қалдықтарын іздегендерін атап, террорға қоса бар ықтималдарды зерттегендерін білдірді.

Құлаған ұшақтың қалдықтарын іздестіру жұмыстарына грек армиясы да қолдау беруде.



Ұқсас жаңалықтар