Иракта қарулы шабуыл

13 адам қаза тапты.

490205
Иракта қарулы шабуыл

Ирактың Салахаддин қаласына қарасты Белед ауданында бір кафеге қарулы шабуыл жасалды. 13 адам қаза тапты.

Шиіт тұрғындар көп тұратын ауданда қарулы үш кісі кафеге оқ жаудыра бастады.  23 адам жарақат алды.

Ирактан осындай хабарлар соңғы кезде жиі келе бастады.

Бас қала Бағдаттағы бір полиция бөлімшесіне кеше бомба тиелген көлікпен шабуыл жасалып, 3 адам қаза тауып, 4 полиция қызметкері жараланған болатын.

Сәрсенбі күні де үш аймақты нысанаға алған жанкешті шабуылында 98 адам опат болды.



Ұқсас жаңалықтар