Келіссөз жоғары комитеті төрағасы Хиджаб Германияға барды

Рияд Хиджаб Асадпен саяси кезеңді жалғастырудың мүмкін еместігін білдірді.

484689
Келіссөз жоғары комитеті төрағасы Хиджаб Германияға барды

Сириялық оппозиционерлер құрған Келіссөз жоғары комитеті төрағасы Рияд Хиджаб Асадпен саяси кезеңді жалғастырудың мүмкін еместігін білдірді.

Сириядағы ішкі соғысқа қатысты келіссөздерге қонақжайлық жасаған Германиядағы мәлімдесінде Рияд Хиджаб Асад Сирияда тұрған сайын террор мен радикализмнің жойылмайтынын, көрші елдердің мәселелері және бетпе-бет қалған қиыншылықтардың да шешілмейтінін атап көрсетті.

Хиджаб Берлинде Германия Сыртқы істер министрі Франк-Валтер Штайнмайер, Франция Сыртқы істер министрі Жан-Марк Эро, БҰҰ Сирия арнайы өкілі Стаффан де Мистура және Ұлыбритания мен Еуроодақ өкілдерімен бас қосты.

Кездесуде Женевадағы Сирия бейбітшілік келіссөздерінің жалғасы үшін қажетті шарттар, елдегі қақтығыстардың азаюы және гуманитарлық жағдайдың қалай қалпына келтіріле алатыны қолға алынды.

Германияның Сыртқы істер министрі Штайнмайер Халебке жасалған шабуылдарды айыптап, «Не Венада басталып, Мюнхенде жалғасқан бейбітшілік кезеңін қайта қалпына келтірерміз, не болмаса қақтығыстардың артуы және ішкі соғыстың жалғасу рискімен бетпе-бет қалармыз» деді.

Кездесулердің пайдалы және жақсы өткенін атап айтқан неміс министр 5 жылдан бері жалғасқан ішкі соғысқа шешім табудың қиын екенін айтты. Штайнмайер саяси келіссөздерге қайта оралуға назар аударғандарын және Халебтегі жағдайдың асқынғанын білдірді.

Франция ішкі істер министрі Эро болса Халебтегі оқиғаларды «қорқынышты бір трагедия» деп бағалап, Вашингтон мен Мәскеу әкімшіліктеріне шақыру тастады.

Эро Сирияда қақтығыстың тоқтатылуы үшін ортақ түйінге келулерін талап етті.



Ұқсас жаңалықтар