Неміс газеті түрік тілінде шықты

«Die Tageszeitung» газеті Бүкіләлемдік баспасөз еркіндігі күнінде түрік тілінде жарияланды.

483380
Неміс газеті түрік тілінде шықты

Германияның «Die Tageszeitung (TAZ)» газеті түрік әріптестерімен ұйымшылдық мақсатында Бүкіләлемдік баспасөз еркіндігі күнінде түрік тілінде жарияланды.

Берлинде жарияланатын газет 3 мамыр Бүкіләлемдік баспасөз еркіндігі күнінде бір жаңалыққа қолтаңба басып, «Die күнделікті газет» деген атпен шықты. 16 беттік арнайы басылымды түрік және неміс тілдерінде интернетте де оқуға болады. (internette taz.de/turkiye)

Арнайы санды таныстыру үшін Берлинде болған жиында сөз сөйлеген газеттің медиа редакторы Марлен Халсер Түркия мен Еуропа Одағы арасында босқын дағдарысын шешу үшін наурыз айында жасалған келісімнен кейін осы пікірдің туындағанын айтты.

Халсер «лас саудаластық» деп атап, осы келісім арқылы Германия мен Еуропа Одағының босқын проблемасын Түркияға жүктеп қойғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар