Асад әкімшілігінің ұшағы құлады

ДАИШ ұшқыштың өз қолдарында екенін білдірді.

476527
Асад әкімшілігінің ұшағы құлады

Сирия армиясының Халебтің Анадан ауданына жасаған әуе бомбалауында 3 адам қаза тапты.

Азаматтық қорғаныс өкілдері армия тікұшақтарының елді мекенге бомба лақтырып, 15 адамның жарақат алғанын хабарлады.

Шабуыл нәтижесінде аймақта өрт шықты.

Осы арада Асад әкімшілігінің бір ұшағы құлады.

Орыс Интерфакс агенттігі ұшақтың техникалық ақау нәтижесінде құлағанын хабарласа, террор ұйымы ДАИШ ұшақты өздерінің атып құлатқанын алға тартты.

ДАИШ ұшқыштың өз қолдарында екенін білдірді.

Сирия Адам құқықтары ұйымы да ұшақтың Дамаскінің оңтүстігінде ДАИШ бақылауындағы аймаққа құлағанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар