БҰҰ қызметкерлері қайтадан Ливияда

БҰҰ бас хатшысының Ливия арнайы өкілі Мартин Коблер БҰҰ қызметкерлерінің бас қала Триполиге кері оралғанын білдірді.

472941
БҰҰ қызметкерлері қайтадан Ливияда

БҰҰ бас хатшысының Ливия арнайы өкілі Мартин Коблер БҰҰ қызметкерлерінің бас қала Триполиге кері оралғанын білдірді.

БҰҰ бас хатшысының Ливия арнайы өкілі қызметкерлердің Триполиде тағы бес күн болатындарын айтты.

Мартин Коблер айырықша Тобруктағы Өкілдер мәжілісінің Марокконың Сухейрат қаласындағы келісімге орай қалыптастырылған Ұлттық келісім үкіметіне сенім даусы беруі керектігін айтып, мұның саяси жағынан жалғыз таңдау екенін атап көрсетті.

Италия, Германия және Франция сыртқы істер министрлерінің Ливия сапарлары саяси келісім және ұлттық үкіметке қолдау мақсатты өтті. Арнайы өкілдің өзі де осы сенім даусы үшін Тобрукта байланыс жүргізеді.

Ливияда БҰҰ басшылығында басталған бейбітшілік келіссөздерінің нәтижесінде Триполи мен Тобруктағы екі үкімет 2015 жылдың 17 желтоқсан күні Ливия Саяси келісіміне қол қойған болатын. Келісімге орай Фаиз әс Сираж басшылығында құрылған Ұлттық келісім үкіметі Тобрук мәжілісі тарапынан вето қылынып, сенім даусын ала алмаған еді. Ұлттық келісім үкіметі үшін 4 сәуір күні өткен сегізінші отырыстан да нәтиже шықпаған болатын. Сираж өткен жұма күні үкіметтің бас қала Триполиде жұмысын бастағанын білдірді.


Этикеттер: #БҰ , #Ливия , #Триполи

Ұқсас жаңалықтар