Брюссельде террор мен нәсілшілдікке қарсы шеру өтті

Брюссельде мыңдаған адам "террор мен нәсілшілдікке" қарсы шеруге шықты.

472918
Брюссельде террор мен нәсілшілдікке қарсы шеру өтті

Бельгияның астанасы Брюссельде кеше (17 сәуір жексенбі күні) мыңдаған адам "террор мен нәсілшілдікке" қарсы шеруге шықты.

160 мекеме тарапынан ұйымдастырылған шеру, Солтүстік пойыз вокзалынан басталды.

Фонтена алаңына дейін жалғасқан шеруде ДАИШ террор ұйымына қарсы ұрандар тасталды.

«Барша бірге бейбітшілік, еркіндік және құрметтеу» жазылған плакаттармен бейбітшілік жолдамалары жасалды.

Шеруге 22 наурыз күнгі террорист шабуылдардың құрбандарының жақындары, үш хақ діннің өкілдері мен Брюссель халқы қатысты.

Шерудің соңында ереуілшілер 22 наурыз құрбандарын үнсіз құрметтеп, Биржа алаңына гүл шоғы қойылды.

Брюссельдегі Завентем әуежайы мен Малбек метро станциясына бағытталған шабуылдарда 32 адам қаза тауып, 270 адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар