НАТО Бас хатшысы Түркияның коалицияның маңызды күші екенін мәлімдеді

Йенс Столтенберг Түркияның ДАИШ-ке қарсы құрылған коалицияға зор үлес қосқанын айтты.

466313
НАТО Бас хатшысы Түркияның коалицияның маңызды күші екенін мәлімдеді

Столтенберг Вашингтондағы Атлант Кеңесі мекемесінің конференциясында баяндама жасады.

НАТО Бас хатшысы Түркияның ДАИШ-пен күрестегі ролі жайлы бір сұраққа «Түркия ДАИШ-ке қарсы соғысатын коалиция құрамында орын алады. Әскери болмысты қамтамасыз етуге қоса соғыста Инжирлик әскери базасы мен басқа да инфрақұрылымдарды Түркия мойындайды. Түркия болмағанда бұл күрес одан да қиын болар еді» деді.

ДАИШ-пен күрес тақырыбында алаңдағы жергілікті күштерді жаттықтырудың маңызына тоқталған Столтенберг «Терроризммен күресте жергілікті күшті ортаға шығару, қолдағы ең мықты қару. Мұны қаншалықты ерте жүзеге асыра алсақ соншама жақсы» деді.

Бұл тақырыпта Ауғанстан мысалын берген Столтенберг «Егер Ауғанстанда жасалған қателіктер бар болса, оның себебі де жергілікті күштерді ерте дайындамағанымыздан туындайды» деді.

Йенс Столтенберг Ливияда ДАИШ-тің шабуылдарына назар аударып, «НАТО ретінде Ливияға қолдау беруге дайынбыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар