Ядролық саммит аяқталды

50-ден астам елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысқан саммитке Түркияның атынан президент Режеп Тайып Ердоған қатысты.

463074
Ядролық саммит аяқталды

Америка Құрама Штаттарының бас қаласы Вашингтонда Ядролық Қауіпсіздік саммиті аяқталды.

50-ден астам елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысқан саммитке Түркияның атынан президент Режеп Тайып Ердоған қатысты.

Саммиттің артынан жарияланған қорытынды декларацияда ядролық қатерлердің халықаралық жүйе үшін әлі ең маңызды қауіптердің бірі екені және осы қауіпке қарсы ортақ күресу керектігі атап көрсетілді.

Саммиттің қорытынды баяндамасын жасаған АҚШ президенті Барак Обама да соңғы кезде ядролық материалдардың қауіпсіздігін қамдауда маңызды сатыға келгендерін айтты. Обама 150 ядролық қару әлеуетіне тең 3,8 тонна материалдың террористтердің қолына өтуіне кедергі болғандарын білдірді.

Осының арқасында Әл Кайда және ДАИШ сынды террор ұйымдарының ядролық қаруға ие болуының алды алынғанын айтты.

Барак Обама осы қауіп азайған болса да қатердің жалғасуда екенін меңзеді.

Иранмен келісілген келісімге де тоқталған Обама Иранның санкциялар алынып тасталғаннан кейін сенімді бизнес ортағы екеніне халықаралық қоғамды көндіруі керектігін айтты.

Америка президенті Иранның баллистикалық зымыран сынақтарын сынады.

Түркияның террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы күресте өте маңызды серік екенін еске салған Обама көптеген халықаралық және аймақтық тақырыптарда Түркияның ынтымақтастығының өміршең маңызды екенін атап көрсетті.

Обаманың күн тәртібінде Республикашылардың президенттікке кандидаты Дональд Трамп да бар еді. Трамптың әлемді «оқи» алмағанын айтқан Обама АҚШ-тың Трампты Ақ Үйде көргісі келмейтінін тілге тиек етті.



Ұқсас жаңалықтар