Байлар Еуропа қалаларынан қашады

2015 жылы көптеген миллионер Еуропа қалаларынан көшіп кетті.

462202
Байлар Еуропа қалаларынан қашады

Байлар Еуропа қалаларынан қашады.

«New World Wealth» ұйымының деректеріне қарағанда 2015 жылы көптеген миллионер Еуропа қалаларынан көшті.

Өткен жылы Еуропаның таңдаулы қалалары Парижден 7 мың миллионер, Римнен 5 мың миллионер және Афиныдан 2 мың миллионер басқа қалаларға көшті.

Әсіресе террор лаңкестіктерімен шайқалған Францияның бас қаласы Парижден кеткен миллионерлер Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары, Канада және Израильге орналасуды таңдады.

Рим және Афиныдан кеткен миллионерлер болса Ұлыбритания және АҚШ-қа қоныстанды.

Миллионерлердің Парижден көшуіне артып отырған діни келіспеушіліктер мен елде мүмкіншіліктің болмауы, Афиныдан көшуіне болса экономикалық жағдай мен босқын дағдарысы себеп болған.

Сонымен бірге дәулетті адамдар қоныстанған қалалар тізімінде Австралияның Сидней қаласы баста келеді. Өткен жылы түрлі елдерден 4 мың миллионер Сиднейге, 3 мың миллионер Мельбурнға келіп қоныстанған. Тель-Авив, Дубай, Сан Франциско және Ванкуверге екі-екі мыңнан миллионер көшіп келген.



Ұқсас жаңалықтар