Әлем мемлекеттері Пәкістандағы шабуылды айыптауда

Ойын-сауық паркіне жасалған және кем дегенде 69 адам қаза тапқан террор шабуылына наразылықтар артты.

459642
Әлем мемлекеттері Пәкістандағы шабуылды айыптауда

Пәкістанның Лахор қаласындағы ойын-сауық паркіне жасалған және кем дегенде 72 адам қаза тауып, 300 адам жарақат алған террор шабуылына әлемнің түкпір-түкпірінен наразылық келуде.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун террор шабуылын қатаң түрде айыптады.

Террорға қарсы Пәкістан үкіметіне қолдау бергендерін атап айтқан Пан Ги Мун үкіметке елдегі азсандылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды қабылдау жөнінде шақыру тастады.

АҚШ Пәкістанның Лахор қаласында жасалған бомбалы террор шабуылын қатаң түрде айыптағанын мәлімдеді.

Шабуылдың «жауыздық» екенін атап көрсеткен Ақ үй Ұлттық қауіпсіздік мәлімдемешісі Нед Райс террормен күресте ынтымақтастық шақыруы тастады.

Райс террорды жаппай жою үшін Пәкістанмен бірге жұмыстануды жалғастыратындарын білдірді.

Канада премьер-министрі Жастин Трудеан болса «Өкінішті бұл шабуылды айыптаймыз» деп мәлімдеме жасады.



Ұқсас жаңалықтар