Террор Еуропаның жүрегіне соққы енгізді

Бір, он немесе жүз адам емес, бүкіл адам баласы опасыз, сұрқия мақсаттың құрбаны болды.

456056
Террор Еуропаның жүрегіне соққы енгізді

Бельгияның бас қаласы Брюссельде кеше ондаған жазықсыз адамның жанын алды, ондаған адамның жаралануына жол ашты.

Бір елдің, бір жердің, тіпті бүкіл әлемнің жүрегін сыздатты.

Террор кеше Анкарада, Стамбулда, Парижде, Брюссельде, Кабулда, Триполиде еді.

Аққан қан Бельгия азаматы, француз, түрік, араб, африкалық азаматтікі.

Бір, он немесе жүз адам емес, бүкіл адам баласы опасыз, сұрқия мақсаттың құрбаны болды.

Ондаған жылдан бері бөлшектеуші террор ұйымы PKKға әскер және полиция қызметкерлерін шәйт қып берген, жазықсыз азаматтарынан айрылып қалған Анкара, Стамбул, Эдирне, Агры, қысқаша Түркия Бельгияның қайғысын жүрегімен сезді.

Түркия «Опасыз соғыспен бетпе-бет келіп отырмыз» деген еуропалық басшылардың даусын естіді. Алайда Түркия енді осы опасыздардың бір-бірлерінен еш айырмашылығы жоқ екенін де көруді өтінеді.

Кеше опасыз PKK-ға орта жерінде шатыр құрғызып, үгіт-насихат жасатқандардың сезімдеріміздің біздің сезімімізбен бірдей екенін түсінуін қалайды.

Президент Режеп тайып Ердоған өткен жұма күні Брюссельдегі шатыр оқиғасына наразылық көрсетіп: «Сол бомбалар сіздің қалаларыңызда жарыла бастағанда біздің не сезімде екенімізді міндетті түрде түсінесіздер» деген еді.




Ұқсас жаңалықтар