АҚШ президенті Барак Обама Кубада

Обама Гаванада Куба мемлекет басшысы Раул Кастромен бас қосты.

455578
АҚШ президенті Барак Обама Кубада

Кубаға маңызды бір сапар ұйымдастырған АҚШ президенті Барак Обама Гаванада елбасы Раул Кастромен төңкеріс сарайында бас қосты.

Жиналыстың артынан баспасөзге ортақ мәлімдеме жасаған екі басшы қарым-қатынастарды реттеу мақсатты жасалған жұмыстарды бағалады.

Обама айырмашылықтарға қарамастан келешекке сеніммен қарағандарын атап, «Келешектегі ынтымақтастықты реттеу үшін жұмыстарымызды жалғастыратынымызды айта аламын» деді.

Кубаға бағытталған эмбарголардың жойылатынын, бірақ уақыты жайлы ешнәрсе айта алмайтынын атап айтқан президент эмбаргоның жойылу жылдамдығының адам құқықтары тақырыбындағы кемшіліктердің жойылуымен байланысты екенін атап көрсетті.

Кубаның келешегіне кубалықтардың шешім қабылдайтынын да атап айтқан Барак Обама бұл елге бағытталған ондаған жылдан бері изоляция саясатының нәтиже бермегенін атап айтты.

Куба мемлекет басшысы Кастро болса әсіресе адам құқықтары тақырыбында АҚШ-тың екіжүзді стандарттарының жалғасқанын алға тартты.

Екі ел арасында айырмашылықтардың қашанда болатынын атап айтқан Кастро бүкіл әлемде ешбір мемлекеттің денсаулық сақтау, білім беру және тепе-тең еңбекақы тақырыптарында кепілдік бере алмайтынына назар аударды.

«Біз адам құқықтарын қорғаймыз» деген Кастро Обама сияқты ынтымақтастықты одан да жақындастырушы қадамдарға назар аударатындарын атап көрсетті.

Раул Кастро Вашингтон әкімшілігінің Гуантанамоны босатып өздеріне кері қайтарылуының қарым-қатынастарға ықпал ететінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар