Сирияда бейбітшілік келіссөздері алдында алаңдатқан мәлімдемелер жасалды

Женевада 14 наурыз күні басталуы жоспарланған Сирия келіссөздері алдында қатаң мәлімдемелер жасалды.

449701
Сирияда бейбітшілік келіссөздері алдында алаңдатқан мәлімдемелер жасалды

Сирия Сыртқы істер министрі Велид Муаллим Асадтың елбасылығы пікірталасының келіссөздерде қабылданбайтынын атап айтты.

Муаллим ұйымдастырған баспасөз жиналысында Сирияда өтпелі кезеңді, үкімет пен атазаң өзгерісі ретінде қабылдағандарын атап айтты.

Сириялық оппозициялық топтың Ислам армиясы басшысы және бас келіссөз жүргізуші Мұхаммед Аллуш болса уақытша кезеңнің тек қана Асадтың төңкерілуімен бастайтынын білдірді.

Мұхаммед Аллуш Сыртқы істер министрі Муаллимнің мәлімдемесі жайлы «Режимнің саяси кезеңде шынайы еместігін көрсетеді» деді.

Келіссөздер басталмай балта шабылғанын алға тартқан Аллуш оппозиционерлердің келіссөздерге қосылу себебінің биліктің қайтадан Сирия халқына берілуі және зұлымдықтан құтқарылуы екенін атап айтты.

Оппозиционерлердің алғашқы делегациялары Женеваға ұласты. Асад режимі делегациясының да бүгін жолға шығатыны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар