АҚШ ПЙД-нің орыстармен бірге қозғалғанын растады

АҚШ ПКК террор ұйымының Сириядағы тармағы ЙПГ-нің сириялық оппозиционерлерді нысанаға алғанын жариялады.

447166
АҚШ ПЙД-нің орыстармен бірге қозғалғанын растады

АҚШ Орталық күштер (CENTCOM) қолбасшысы Лойд Остин Сенат Қарулы Қызметтер комитетіне тақырыппен байланысты мағлұмат бергенде «ЙПГ-нің АҚШ қолдау берген оппозиционерлерді нысанаға алғаны жайлы дәлелдер бар» деді.

ЙПГ мен орыстардың бірге қозғалғанын атап айтқан Остин «Елдің солтүстік батысында ЙПГ мен орыстардың кейде ортақ қозғалғанын байқадық» деді.

АҚШ Қорғаныс министрлігі (Пентагон) мәлімдемешісі Петер Куук болса ұйымдастырған баспасөз мәслихатында Остиннің Сирияда ЙПГ мен орыстардың ынтымақтастық жасағанын байқағаны жайлы мәлімдемелеріне қатысты сұраққа «Орыстармен ынтымақтастық алаңда ДАИШ террор ұйымымен күрескен күштерге зиян келтіретін болса осыған алаңдаймыз» деді.


Ұқсас жаңалықтар