Түркияның талабымен ПЙД Женевадағы келіссөздерге шақырылмайды

Сирия бейбітшілік келіссөздері 14 наурыз күні Женевада өтеді.

446744
Түркияның талабымен ПЙД Женевадағы келіссөздерге шақырылмайды

Швейцарияның Женева қаласында ұйымдастырылатын Сирия бейбітшілік келіссөздеріне Түркияның талабымен ПЙД шақырылмайды.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінен бір лауазымды келіссөздерге тек қана 29 қаңтар күні шақырылған топтардың қатысатынын білдірді.

Лауазымды «ПЙД Женева келіссөздерінде орын алмайды» деді.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жасаған мәлімдемеге қарағанда келген тараптармен алдын ала кездесулер ертең өтеді. Кейбір қатысушылар 12-14 наурыз күндері арасында қалаға келетіндіктен ресми келіссөздер 14 наурыз күні басталады.

Асад режимі «Келіссөздерге 14 наурыз күнінен бастап қатыса аламыз» деп мәлімдеме жасады.

Сириялық оппозиционерлер болса келіссөздерге қатысып қатыспау тақырыбында нақты шешім қабылдаған емес. Дегенмен әрі режим, әрі Ресейдің әуе шабуылдарында жазықсыз адамдар нысанаға алынуда.

Эр-Рияд әкімшілігі қолдау берген сириялық оппозиционерлердің Келіссөз жоғары комитеті координаторы Рияд Хиджаб «Қысқа уақытта жағдайды бағалап, дұрыс шешімді қабылдаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар