АҚШ Сомалиде Аш-Шабаб ұйымына мүше 150 террористті өлтірді

АҚШ Аш-Шабаб террор ұйымына тиесілі оқу-жаттығу лагерін бомбалағанын жариялады.

446539
АҚШ Сомалиде Аш-Шабаб ұйымына мүше 150 террористті өлтірді

АҚШ-тың Сомалиде Аш-Шабаб лагеріне жасаған әуе шабуылында 150 террорист өлтірілді.

АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагон Сомалиде Аш-Шабаб террор ұйымының оқу-жаттығу лагерін сенбі күні ұшқышсыз ұшақпен бомбалағанын жариялады.

Лагерде үлкен бір шабуылдың жоспарланғаны жайлы ақпарат түскен соң Пентагон мәлімдемесінде «Террористтердің шабуыл үшін лагерден шығатындарын үйрендік. Сондай-ақ Сомалидегі АҚШ пен Африка Одағы күштеріне жақын уақытта үлкен қауіп төндіретіндерін білетінбіз» делінді.

Сомалиде 2004 жылы қарулы террор ұйымы ретінде құрылған Аш-Шабаб елдің оңтүстік және орталық аймақтарын бақылауында ұстап отыр.



Ұқсас жаңалықтар