Папа Франциск босқын дағдарысын «басқыншылық» ретінде бағалады

Босқындарға шешім іздеу пікірталастарына католиктердің рухани басшысы Папа Франциск те қосылды.

445439
Папа Франциск босқын дағдарысын «басқыншылық» ретінде бағалады

Босқын дағдарысымен байланысты Ватиканның баспасөз органы «Osservatore Romano»-ға сұхбат берген Папа Франциск Таяу Шығыстан Еуропаға қарай көштің «әлеуметтік бір шындық» екенін білдірді.

Папа Франциск «Қазір бір араб басқыншылығы бар екенін айтуға болады. Еуропа тарихта көптеген басқыншылыққа ұшырады? Дегенмен бәрінен құтылып, мәдениет аралық алмасулардан өсумен шықты» деді.

Еуроодақтың гуманитарлық дағдарысты көрместен келе алмайтынын атап айтқан Папа Франциск Еуропаның босқын дағдарысынан одақтың бірге қозғалумен құтыла алатынын айтты.

Папа Франциск «Еуропа ұлттық меншілдік, саяси ойындар және кішкентай есептерге берілмеу керек. Келіссөз үстеліне оралу аса маңызды. Жеңіске жету үшін кейбір кішкентай нәрселерді пида етуге тиістіміз» деді.


Ұқсас жаңалықтар