Хасан әл-Турабидің жаназасына мыңдаған адам қатысты

84 жасар Тураби кеше Суданның бас қаласы Хартумда жатқан ауруханада дүниеге көз жұмған болатын.

445512
Хасан әл-Турабидің жаназасына мыңдаған адам қатысты

Суданда Ислами қозғалыстың маңызды басшыларының бірі ретінде танымал Хасан Тураби 84 жаста дүниеге көз жұмды.

Судан телеарнасы Турабидің ел астанасы Хартумдағы ауруханада реанимацияда ем қабылдаған кезде қайтыс болғанын жариялады.

Кеше дүниеге көз жұмған Судан халық конгресі партиясының басшысы Тураби үшін Хартумдағы Әл-Меншийе аймағында жаназа рәсімі ұйымдастырылды.

Мыңдаған адам қатысқан жаназа рәсіміне Судан елбасы орынбасары Хасбу Абдуррахманға қоса, биліктегі партия мен оппозициядан көптеген басшы қатысты. Турабидің мәйіті жаназа намазының артынан Әл-Берри моласына жерленді.



Ұқсас жаңалықтар