Пентагон хакерлерді дуэльге шақырды

АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагон компьютер хакерлеріне құқай көрсетіп, «маған шабуылдаңдар» деп шақыру тастады.

443869
Пентагон хакерлерді дуэльге шақырды

Пентагон хакерлерді дуэльге шақырды

АҚШ Қорғаныс министрлігі Пентагон компьютер хакерлеріне құқай көрсетіп, «маған шабуылдаңдар» деп шақыру тастады.

Өз интернет есебіндегі бір бағдарламаны компьютер хакерлеріне нысана қып көрсеткен Пентагон жеңімпазға бәйге берілетінін хабарлады.

Келесі ай басталатын бағдарламада мыңдаған компьютер қарақшысы бағын сынайды деп болжалып отыр.

Әрине виртуалды соғыстың да кейбір ережелері бар. Хакерлердің Америка азаматы болуы керек. Және алдын ала Пентагонға өтініш беру қажет.

Хакерлерге берілетін бәйгенің не болатыны әлі белгісіз.



Ұқсас жаңалықтар