"ДАИШ-тің шабуылдары қырғын деп қабылдансын"

Таяу Шығыста азшыл халыққа террор ұйымы ДАИШ жасаған шабуылдардың «қырғын» ретінде қабылдануын сұраған жоба комитеттен өтті.

443690
"ДАИШ-тің шабуылдары қырғын деп қабылдансын"

Таяу Шығыста азшыл халыққа террор ұйымы ДАИШ жасаған шабуылдардың «қырғын» ретінде қабылдануын сұраған жоба комитеттен өтті.

Республика партиясының депутаты Кристофер Смит дайындаған жоба Асад жүйесі бастаған одақтастары мен қақтығыстың басқа да тараптары істеген қылмыстар үшін бір соғыс қылмыстары соты құрылуын талап етеді.

Жобада осы қылмыстардың «соғыс қылмыстары және адамдыққа қарсы істелген қылмыстармен» бірдей екені, халықаралық заңдардың аяққа тапталуы деген мағынаға келетіні айтылып, Өкілдер мәжілісінің де бұларды айыптағаны атап көрсетілген.

Сонымен бірге басқа елдер де Сирияда адамдыққа қарсы істелген қылмыстар мен шабуылдардың жауаптыларының ұсталып, құрылатын сотқа тапсыруға шақырылды.

Сонымен бірге комитетте Республика партиясының Небраска депутаты Джеф Фортенберри дайындаған ДАИШ шабуылдарын «қырғын» ретінде қабылдау шешімі де қабылданды.

Осы жоба христиандармен бірге езидтер, түрікмен, күрдтер сынды басқа діни және этникалық тектен келетін азаматтарға қарсы ДАИШ шабуылдарын «соғыс қылмысы», «адамдыққа қарсы жасалған қылмыс» және «қырғын» деп қабылдануын көздейді.



Ұқсас жаңалықтар