Франция ПКК-ның террор ұйымдары тізімінен шығарылуына қарсы

Франция Сыртқы істер министрлігі ПКК-ның Еуроодақтың террор ұйымдары тізімінен шығарылуына қарсы екендерін жариялады.

442762
Франция ПКК-ның террор ұйымдары тізімінен шығарылуына қарсы

Франция Сыртқы істер министрлігі ПКК-ны террор ұйымдары тізімінен шығаруға қарсы екендерін жариялады.

Министрлік Еуропа Парламентінде ПКК-ны террор ұйымдары тізімінен шығару мақсатты жүргізілген акцияға қатысты мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде «Францияның ПКК-ға қарсы ұстанымы нақты және тұрақты. ПКК Еуроодақ дайындаған террор ұйымдары тізімінде орын алған қарулы бір топ. Ұйымның тізімге алынуын қамтамасыз еткен себептер толығымен күшінде» делінді.

Министрлік мәлімдемеде террор ұйымы ПКК-ның 2015 жылы 22 шілде күнінен бері Түркияда жасаған қарулы шабуылдарын да айыптады.

Еуропа Парламенті Солшыл топ мүшесі Мария-Кристин Вергьят және Еуропа Парламенті Социалистік топ мүшесі Ана Гоместің ПКК террор ұйымын Еуроодақтың террор ұйымдары тізімінен шығару үшін бастаған қолдау акциясына 100 депутаттың қол қойғаны білдірілді.

2002 жылы құрылған ПКК-ның «КАДЕК» және «Конгра-Гел» атты ұйымдары да Еуроодақтың «Террор ұйымдары мен мекемелері тізіміне» қосылып, 2007 жылы 28 маусым күні жасалған кейбір қарулы шабуылдарды ПКК атынан мойындаған «ТАК» атты ұйымда аталмыш тізімге алынған болатын.



Ұқсас жаңалықтар