Солтүстік Кореяға жаңа санкциялар іске қосылады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелері жаңа санкцияларды дауысқа салады.

442013
Солтүстік Кореяға жаңа санкциялар іске қосылады

Қаңтар айында термоядролық қару сынағы жасағанын жариялаған Солтүстік Кореяға жаңа санкциялар іске қосылады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелері жаңа санкцияларды қолға алу үшін бас қосады.

Жиналыста АҚШ-тың өткен апта Солтүстік Кореяға бағытталған жаңа санкциялармен байланысты Кеңеске ұсынған шешім жобасы қолға алынады.

Жоба тұңғыш рет Солтүстік Кореядан шыққан және бұл елге кірген барлық жүктерді тексеру міндеті және бүкіл жеңіл қарулар мен конвенциялық қаруларды Солтүстік Кореяға сатуды шектейді. Сондай-ақ Солтүстік Кореяның көмір, темір, алтын сияқты кендерді экспорттауға да шектеме қояды.

Аптаның соңында дауыс берілетін жоба қабылданған жағдайда, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің соңғы 20 жылдан бері іске қосатын ең қатаң шара іске қосылады.



Ұқсас жаңалықтар