Еуроодақ босқындар үшін 3 миллиард евроны тапты

Ангела Меркель Түркияға босқындарға жәрдем мақсатты берілетін 3 миллиард евроның табылғанын білдірді.

441482
Еуроодақ босқындар үшін 3 миллиард евроны тапты

ARD телеарнасының бағдарламасына қатысқан Меркель босқын дағдарысының шешімі үшін алғашқы жобаның іске қосылғанын атап, «Голландия және Еурокомиссия Түркиямен бірге мақұлданатын бір шешім жобасы үстінде жұмыстанады. Келесі апта өткізілетін Түркия-Еуроодақ саммитінен шешім шығатынын үміт етемін» деді.

Кезеңді «тарихымыздың аса маңызды бір кезеңі» деп бағалаған Меркель «босқын дағдарысының шекараларды жабу арқылы шешілетініне ешкім сенбесін» деді.

Түркияның НАТО-ның іске қосылуымен шекараларын қорғау және Frontex ынтымақтастығы тақырыбында уәдесінің ашық екенін атап көрсеткен Меркель шешіммен байланысты келіссөздер жалғасып жатқанда, әсіресе Балкан елдерінің өз шешімін іздеуін сынға алды.

Меркель «Бір жақтан Түркияға сенімен келісемін бірақ болатынына сенбеймін. Бұл себептен де өз шешімімді іздестіремін деудің өзі де дұрыс емес» деді.

Ангела Меркель «Бұл шешім тақырыбында Түркия басқан үлкен бір қадам. Шекаралардың қорғалғаны көрінген сайын Түркияның жүгін жеңілдету үшін босқын қабылдау пікіріне жылы қаралады. Мен дұрыс деп қабылдаған бұл ұстанымды жалғастыру керектігін қолдаймын» деді.

Неміс басшы Еуропа түсінігін қалыптастыру үшін талпынғандарын атап, қазірге дейін жүргізілген саясаттардың жалғастырылатынын білдірді.

Меркель 7 наурызда өтетін саммиттен қорытынды шықпаған жағдайда бас тартпайтынын және 17-18 наурыз күні ұйымдастырылатын Еуроодақ басшылар саммитінде шешім ізденістерін жалғастыратындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар