Сирияда 170 адам қаза тапты

Сириядағы шабуылда қаза тапқандар саны 170-ке жетті

437247
Сирияда 170 адам қаза тапты

Орыс соғыс ұшақтарының Сириядағы әуе әрекетінде оқыстан YPG террор ұйымын бомбалағаны пайымдалуда.

Агенттіктер Хасекенің оңтүстік-шығысында орын алған Холе аймағындағы террор лагерлерін 20 ақпан күні орыс ұшақтарының оқыстан бомбалағанын хабарлауда.

Бомбалауда террор ұйымының жан және мал шығынына ұшырағаны да хабарлар арасында.

Сирияның астанасы Дамаск және Хомус қаласында ұйымдастырылған бомба шабуылда қаза тапқандар саны 170-ке жетті.

Хомуста режим бақылауында болған аймақта бомба тиелген екі көлікпен шабуыл ұйымдастырылды.

Жанкешті шабуылшылар қолданған көлік 20 минуттан кейін жарылды.

Жарылыста 59 адам қаза тапты, 100-ден астам адам да жарақат алды.

Жарылыстарда 120 адам қаза тапты, іштерінде балалар да болған 178 адам жарақат алды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сирияда «Қазір атысты тоқтатуға ең жақын кезең» деген мәлімдеме жасап, АҚШ Президенті Барак Обама мен Ресей Президенті Владимир Путиннің таяуда осы тықырыпты қолға алатындарын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар