Германия Ресейдің Сирия шабуылдарын айыптады

Германия парламенті Сыртқы қатынастар комиссиясы төрағасы Ресейдің Сирияда жазықсыз халықты қырғанын айтты.

430869
Германия Ресейдің Сирия шабуылдарын айыптады

Германия парламенті Сыртқы қатынастар комиссиясы төрағасы Норберт Реттген Ресейдің Сирияда жазықсыз халықты мақсатты түрде қырғанын атап айтты.

Мәскеу әкімшілігінің гуманитарлық құндылықтарды жоққа санағанын атап айтқан Реттген Халептегі орыс шабуылдарының адамзаттық қылмыс екенін атап көрсетті.

'Welt' газетіне сұхбат берген Норберт Ренттген Ресейдің аймақта бейбітшілік кезеңіне де балта шапқанын алға тартты.

Реттген сұхбатында елінің сыртқы саясатын да сынға алды.

Германияның ұзақ уақыттан бері Таяу және Қиыр Шығыстағы жаңалықтарды назарға алмағанын атап айтқан комиссия төрағасы Еуроодақтың үлкен қадамдарына қосылуда да кеш қалғанын атап айтты.

Реттген «Германия әлі қадағалаушы және серіктестік ұстанымын жалғастырады» деді.



Ұқсас жаңалықтар