Грузия премьер-министрі Лавровтың қауесетін теріске шығарды

Сергей Лавров Кахети аймағындағы Панкисс алқабында ДАИШ террор ұйымы мүшелері бар екенін алға тартқан болатын.

425188
Грузия премьер-министрі Лавровтың қауесетін теріске шығарды
Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Кахети аймағындағы Панкисс алқабында ДАИШ террор ұйымы мүшелері бар екені жайлы қауесетін теріске шығарды.
Квирикашвили Лавровтың сөздерінің шындыққа жатпағанын аймақта кезкелген бір террор ұйымы қаупі жоқ екенін атап айтты.
Барлық аймақтың үкіметтің бақылауында екенін атап айтқан Квирикашвили «Аймақ толығымен үкіметтің бақылауында. Грузияда Панкисс алқабынан қазірге дейін кезкелген бір террор рискі болмады» деді.
Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеуде ұйымдастырған жылдық баспасөз жиналысында екі ел арасындағы қарым-қатынастарға тоқталып, РФ қарасты Шешенстан шекарасына көрші Панкисс алқабында ДАИШ террор ұйымы мүшелері бар екенін алға тартқан болатын.


Ұқсас жаңалықтар