Сирия келіссөздері үшін шақырулар жіберілді

БҰҰ Сирия арнайы өкілі Стефан де Мистура қатысушы елдерге шақыруларды жолдады.

424977
Сирия келіссөздері үшін шақырулар жіберілді
Сирия бейбітшілік келіссөздерінің жұма күні (29 қаңтар) Женевада басталуы жоспарланады.
БҰҰ Сирия арнайы өкілі Стефан де Мистура қатысушы елдерге шақыруларды жолдады.
Дегенмен қатысушылардан жауап келгенше қатысушы елдер тізімі жарияланбайды.
Қай оппозиционерлердің өкілдік жасайтыны тақырыбындағы келіспеушілік жалғасып жатқанда, премьер-министр Давутоғлу Түркияның шартын тағы бір рет еске салды.
Сириядағы күрдтердің, арабтардың, сүнниттердің, нусайрилердің, христиандардың үстелге отыру керектігін атап көрсеткен Давутоғлу «Күрдтердің келіссөз үстелінде болуы міндетті. Күрдтер қатыспаған бір жиналыс кем деген сөз. Дегенмен біз күрдтер емес, оларды жәбірлеген ЙПГ мен ПЙД террор ұйымдарының қатысуына қарсымыз» деді.
Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу болса Женева келіссөздеріне ПЙД террор ұйымы шақырылған жағдайда «келіссөздерді бойкот етеміз» деді.
Басқа жағынан Франция Сыртқы істер министрі Лорен Фабиус БҰҰ Сирия арнайы өкілінің ПЙД-нің Женева келіссөздеріне шақырылмайтынын білдіргенін айтты.
Женева келіссөздері алдында Сауд Арабиясы да қозғалды.
Орталығы Эр-Рияд болған оппозиционерлер Женева келіссөздеріне қатысып қатыспау тақырыбында шешім қабылдау үшін жиналды.
29 қаңтар күні басталуы жоспарланған келіссөздердің 6 айға жалғасуы күтіледі.
2 жылдық үзілістің артынан келіссөз үстеліне отыратын Асад режимі мен оппозиционерлер бетпе-бет келмейді.


Ұқсас жаңалықтар