Иран елбасы Италияда

Иран елбасы Хасан Рухани еліне бағытталған санкциялардың жойылуының артынан Еуропа турына шықты.

424674
Иран елбасы Италияда
Хасан Руханидің алғашқы аялдамасы Италияда әріптесі Серджио Маттарелламен бас қосты. Рухани кездесудің артынан Италия премьер-министрі Маттео Рензиді қабылдайды.
Кездесуде Руханидің жолға аттанбастан бұрын атап көрсеткен жол картасы жайлы келісімге келуі күтіледі.
Иран мен Италия арасындағы 7 миллиард евролық сауда инвестициялары 2012 жылдан бері 1 миллиард 200 миллион евроға қысқарған болатын.
Байланыстардың сауда көлемін арттыруы күтіледі.
Италияндық іскерлер ашылған бұл жаңа нарыққа кіруге ниет білдірді.
Иран елбасы Рухани 500-ге жақын италияндық инвестор қатысатын іскер форумында үн қатады. Иран елбасы Рухани Папа Францискпен де бас қосуды жоспарлайды.
Аталмыш сапар 1999 жылы елбасы Мұхаммед Хатамиден кейін Ватиканға жасалған тұңғыш сапар болып табылады.
Рухани Италияның артынан қараша айында Париж шабуылдары себепті кейінге қалдырылған Франция сапарымен жалғасады.
Иран елбасының Францияда санкциялар жойылғаннан кейінгі ең ауқымды сауда келісімі жасауы күтіледі.
Авиация саласын замандас қылу керектігін атап айтқан Иран 114 "Airbus" типі жолаушы ұшағын алуға дайындалады.


Ұқсас жаңалықтар