Париж саммитінен «Сирияда атысты тоқтату» шақыруы шықты

Францияның бас қаласы Париж Сирия дағдарысы тақырыпты саммитке қонақжайлық жасады.

409544
Париж саммитінен «Сирияда атысты тоқтату» шақыруы шықты

Сыртқы істер министрі деңгейіндегі саммитке Түркияның атынан өкілдік жасаған Сыртқы істер министрлігі кеңесшісі Феридун Синирлиоғлу қатысты.
Саммитте Сирияда атысты тоқтатуды қамтамасыз ету керектігі атылып, тараптар арасында саяси келіссөздерді бастау жөнінде шақыру тасталды.
АҚШ Сыртқы істер министрі Джон Керриге қоса, Германия, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания, Катар және Ұлыбритания Сыртқы істер министрлері де қатысқан саммитте қатысушылар Сауд Арабиясының бас қаласы Эр-Риядта сириялық оппозиционерлермен өткен апта жүзеге асқан жиналыстың шешімдеріне қолдау берді.
Эр-Риядтағы жиналыста Сирия әкімшілігімен өтпелі кезең жайлы келіссөз үстеліне отыруға шешім қабылдаған оппозиционерлер Сирия елбасы Башар Асад және жақтаушыларының кезеңнің басынан бері биліктен шегінуін талап еткен болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар