Франция Атазаңына өзгерістер енеді

Террордан сотталғандар азаматтықтан шығарылады.

399038
Франция Атазаңына өзгерістер енеді

Франция Атазаңына өзгерістер енеді.


Франция үкіметі Париждегі лаңкестіктерден кейін террормен күресте әкімшілікке одан да көп өкілеттік берілуі үшін атазаңға өзгеріс енгізуді көздейтін заң жобасын дайындады.


Le Monde газетінің хабарына қарағанда үкімет заң жобасын 1 желтоқсан күні Жоғары сотқа жолдады. Жоба төтенше жағдайдың шегінің үш айдан алты айға дейін созылуын талап етеді.


Аталмыш заң жобасы террор қылмысымен сотталғандардың азаматтықтан шығарылуына да мүмкіндік береді. Жобаға қарағанда азаматтықты кейіннен алғандармен қоса туғаннан француз азаматтары да террор қылмысына байланысты үкім кисе азаматтықтан шығарылады.


Заң жобасы терроризммен күресте полицияның күшінің арттырылуын көздейді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар