Германия ДАИШ-ке қарсы соғысады

Министрлер кабинеті неміс армиясының ДАИШ-ке қарсы операцияларға қосылуын мақұлдады.

396932
Германия ДАИШ-ке қарсы соғысады

Германия үкіметі террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы соғысуға шешім берді.


Министрлер кабинеті неміс армиясының ДАИШ-ке қарсы операцияларға қосылуын мақұлдады.


Қорғаныс және Сыртқы істер министрліктерінің нұсқауына орай неміс армиясы Сирия және төңірегіндегі теңіз және әуе кеңістіктерін бақылау міндеттеріне қосылады.


Осы арада Қорғаныс министрі Урсула вон дер Лейен неміс армиясының Асад жасақтарымен ынтымақтасуының мүмкін еместігін айтты.


Министр Сирияда Асадпен бір болашақ жоқ екенін, алайда осы елдің болашағында назар аудару керек топтар бар екенін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар