Ресейдің ДАИШ мұнайымен қатынасы

АҚШ Қазына министрлігі кейбір тұлғаларды қаза тізімге алды.

394135
Ресейдің ДАИШ мұнайымен қатынасы

Ресей президенті Владимир Путин террор ұйымы ДАИШ-тің мұнай саудасы мен Түркия арасында байланыс құруға тырысса да, жағдайдың керісінше екенін Америка әкімшілігі растады.
Америка Құрама Штаттары ДАИШ мұнайына дәнекер болғандардың орыстар екенін анықтады.
АҚШ Қазына министрлігі Асад әкімшілігіне қаржылай көмек берген және ДАИШ-тің мұнай сатуына дәнекер болған 4 адам мен 6 компанияны қаза тізімге алды. Олардың арасында орыстар да бар.
Министрліктің хабарламасына қарағанда тізімдегі Джордж Хасвани мен компаниясы Асад әкімшілігіне ДАИШ-тен мұнай алуға көмектесуде. Тізімде аты аталған Мудалал Хури Ресейдегі Financial Alliance банкінің атқару комитеті төрағасы және Асад әкімшілігінің Ресейдегі қаржы өкілі.
Ресей Федерациясына қарасты Қалмық республикасы және Бүкіләлемдік шахмат федерациясының бұрынғы төрағасы Кирсан Илюмжинов болса тізімге Хури басқарған компаниялармен қарым-қатынасы салдарынан енді.
Оңтүстік Кипрдегі Primax компаниясының директоры Никос Николау да осы адаммен байланысы салдарынан қара тізімге алынды.
АҚШ өткен жылы да ДАИШ террор ұйымынан мұнай алғаны себепті орыстың Tempbank және кейбір іскерлеріне санкция қойған еді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар