Ресей президенті Владимир Путин ДАИШ-ке қарсы ескерту жасады

Путин ДАИШ террор ұйымына араларында «Үлкен 20 тобы елдері» де бар 40 елдің қаржы қолдауы жасағанын алға тартты.

418111
Ресей президенті Владимир Путин ДАИШ-ке қарсы ескерту жасады

Ресей президенті Владимир Путин Үлкен 20 тобы елдері саммитінің аяғында өткізген баспасөз жиналысында ДАИШ террор ұйымына араларында «Үлкен 20 тобы елдері» де бар 40 елдің қаржы қолдауы жасағанын алға тартты.
Үлкен 20 тобы елдері басшыларына ДАИШ-тің қаржы көздеріне қатысты ақпарат да бөліскен Путин Ресейдің сириялық оппозиционерлерге ДАИШ-ке қарсы күресте әуеден қолдау беруге дайын екенін атап көрсетті.
Путин бұл кезеңде АҚШ пен Еуроодақ елдері, Сауд Арабиясы, Түркия және Иранның қолдау беру керектігін де мәлімдеді.
Украинадағы жаңалықтарға да тоқталған Путин Киевтің 3 миллиард долларлық қарызын қайта реттеуге шешім қабылдағандарын жариялады.
Түркия мен Ресей бірге жұмыстанған энергия жобаларына да тоқталған Путин екі ел бірге жүзеге асырған жобаларда кезкелген бір мәселе жоқ екенін атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар