Болгарияда қауіпсіздік қызметкерлері шеруге шықты

Болгарияда үнемдеу пакеті шаралары қауіпсіздік саласы қызметкерлерінің шеруіне жол ашты.

413684
Болгарияда қауіпсіздік қызметкерлері шеруге шықты

Үкіметтің еңбек ақы мен зейнеткерлік төлем ақыларын да ұстауды қамтыған пакет себепті мыңдаған қауіпсіздік күші қызметкері бас қала Софияда үкіметке қарсы шеруге шықты.
Ереуілшілер өздеріне зейнеткерлік және отставкаға кеткен кезде төлеуге тиісті 20 еңбек ақы қарсылығындағы төлем ақын жою бастамаларына наразылық көрсетті.
Елдің жан-жағынан автобустармен бас қала Софияға барған полиция, өрт сөндіргіштер, түрме қарауылдары және барлау қызметкерлерінен тұратын ереуілшілер парламент алдында жиналды.
Болгарияның ұлттық қауіпсіздігіне риск туғызатын наразылық шеруі себепті Ішкі істер министрі Румная Бычварова митинг алдында төлем ақыларының жойылуын қамтыған реттеу ұсынысының кері қайтарылғанын жариялады.
Дегенмен митингті тастамаған ереуілшілер үкіметті отставкаға шақырды.
Митинг алдында провокация жоспарлағаны себепті 10 адам тергеуге алынып, шеру қақтығыссыз аяқталды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар