Отансыз балалар

Әрбір 10 минутта бір отансыз бала өмірге келеді.

409402
Отансыз балалар

БҰҰ Босқындар жоғары комиссариаты дүние жүзінде әрбір он минутта бір отансыз баланың өмірге келгенін мәлімдеді.


Комиссариат 250-ден астам отансыз бала және олардың отбасыларымен сұхбаттасып, «Отансыз балалар» есеп-мәлімдемесін дайындап шықты. Осы есепке қарағанда, балалардың барлығында үмітсіздік сезімі басым. Олар әрдайым жікшілдікпен бетпе-бет келіп отырады.


7 елдегі отансыз балалар өздерін «құны жоқ, шетелдік, біреулердің көлеңкесінде өмір сүретін, даладағы ит» секілді сезінетіндерін атап көрсетті.


Есептегі мағлұматтарға қарағанда, отансыз адамдар білім алу, медицина және жұмыста «үлкен кедергілермен» бетпе-бет. Отандарының болмауы оларды психологиялық қиындықтарға әкеп соғады.


Есептегі мәліметке орай, этникалық куәлік, дін, шайқастар, отаннан көшу сынды себептермен тұрақты отандары жоқ азаматтар тұратын 20 елде жыл сайын кемінде 70 мың отансыз бала өмірге келеді. Дүние жүзі бойынша әрбір он минутта бір отансыз бала туылады. 30-дан астам елде туу туралы куәлігі жоқ балалар медициналық қызмет ала алмайды. 20 елде отансыз балалар түрлі ауруларға қарсы егілмейді.


БҰҰ Босқындар жоғары комиссариатының айтуынша дүние жүзі көлемінде болса 10 миллион адамның отаны жоқ. Ұйым өткен жылы жаһандық акция бастап, ешбір елдің азаматтығына тұрмаған миллиондаған адамның проблемасын 1 жылда шешуді мақсат етіп отыр.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар