Чадта бомбалы шабуылдар жан алды

Алғашқы мағлұматтарға қарағанда 38 адам қаза тапты, шамамен 50 адам жараланды.

352753
Чадта бомбалы шабуылдар жан алды

Чадта жасалған бомбалы шабуылдарда алғашқы мағлұматтарға қарағанда 38 адам қаза тапты, шамамен 50 адам жараланды.
Әскери ақпарат көздеріне қарағанда Чад көлі маңындағы Бага Сола қаласында 3 бөлек жарылыс болды.
Жарылыстардың алғашқысы балық базарына, қалған екеуі болса ауылдық алаңдағы босқындар лагеріне жасалды.
Шабуылдар жайлы егжей-тегжейлі мәлімет берілмеді. Шабуылды қазірше ешкім мойындамады. Дегенмен жергілікті ақпарат көздері Нигерия, Камерун, Чад және Нигерия шекарасындағы Чад көлі маңында қоныстанған террор ұйымы Боко Харам мүшелері тарапынан жасалуы мүмкін екенін болжауда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар