ДАИШ Сириядағы ежелгі қала Палмираны қиратуда

Террор ұйымы соңғы рет қаладағы 2 мың жылдық Жеңіс аркасын жарды.

387763
ДАИШ Сириядағы ежелгі қала Палмираны қиратуда

Террор ұйымы ДАИШ Сириядағы ежелгі қала Палмираны қиратуда.


Террор ұйымы соңғы рет қаладағы 2 мың жылдық Жеңіс аркасын жарды.


Қаланың атақты бағаналы даңғылында тұрған арка Рим дәуірінен қалған болатын.


Палмира ежелгі қаласын мамыр айында басып алған террор ұйымы ДАИШ бұдан бұрын да қаладағы екі храм мен үш тарихи мұнараны қиратты.


Палмира қаласы ЮНЕСКО-ның әлем мұрасы тізімінде болатын.


2011 жылы Сирияда соғыс басталмай тұрып Палмираға жыл сайын 150 мыңнан астам турист келетін.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар