АҚШ-та төтенше жағдай жарияланды

АҚШ-тың солтүстік және Оңтүстік Каролина штаттары жойқын дауылмен күресуде.

349832
АҚШ-та төтенше жағдай жарияланды

АҚШ президенті Барак Обама солтүстік және Оңтүстік Каролина штаттарында 8 адамның өліміне себеп болған су тасқыны себепті «төтенше жағдай» жариялады.
Сағатына жылдамдығы 160 шақырымға ұласқан Joaquin дауылы көптеген жердің су астында қалуына себеп болды.
Штаттың Дорчестер және Чарльстон аймақтарында 30 мың адам электрсіз қалды.
Жедел құтқару топтары бір түннің ішінде 140 адамның құтқарылғанын білдірді.
Губернатор Никки Халей жауған нөсердің салдарынан Congraree өзенінің 1936 жылдан бері ең биік сатыға көтеріліп, су тасқынына себеп болғанын білдірді.
Солтүстік Каролина Нью-Джерси және Виргиния губернаторлары болса штатта төтенше жағдай жариялады.
Джэксонвилл портынан Пуэрто-Риконың Сан-Хуан қаласына қарай бағыт алған «Эл-Фаро» атты жүк кемесі 1 қазан күнінен бері із-түссіз жоғалды.
Кеменің Багамдағы «Бермуд үшбұрышы» маңында жоғалғаны болжалады.
28 американдық барлығы 33 экипажы бар кемені іздестіру жұмыстарына Теңіз күзету топтарына қоса, Теңіз мен Әуе күштері қолбасшылығы да қатысуда.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар