Босқындар мәселесі Еуропа Одағы күн тәртібінде

Пан Ги Мун Еуропа Одағы елдеріне үндеу тастады

391175
Босқындар мәселесі Еуропа Одағы күн тәртібінде

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Пан Ги МунЕуропа елдерінің шекараларын босқындарға ашу жөнінде үндеу тастады. Паг Ги Мун кейбір Еуропа елдерінің шекараларын босқындарға жапқанынан алаңдағанын мәлімдеді.
Еуропаның бірқатар елінде толассыз ағылған босқындардың жолын қатаң бөгеу шаралары қолға алынған. Мысалы, Чехия, Хорватия мен Сербия өз шекараларындағы күзетті күшейтуде. Ал Венгрия болса, тіпті рұқсаты жоқ мигранттарды өз жеріне кіргізуден бас тартуда.
Алайда бұл шаралар еш нәтиже бермей отыр. Еуроодақтың жаңа мүшесі Хорватия босқындар тиелген автобустарды Венгрияға жөнелтуін тоқтатар емес. Енді босқындар мәселесіне байланысты Загреб пен Будапешт арасында келіспеушілік пайда болды.
Осы орайда Франция Президенті Еуроодақ мүшелерін сабырлық танытып, босқындар мәселесін жұмыла шешуге шақырды. Франсуа Олланд, Франция Президенті--Босқындарды орналастыру--Еуропадағы барлық мемлекеттерге қатысты мәселе. Осыдан жалтаруға мүлдем болмайды. Сондықтан алдымыздағы ең бірінші талап--Шенген келісіміне сәйкес әрекеттену. Ертең Еуроодаққа мүше елдердің Ішкі істер министрлері Брюссельде босқындарды өзара бөліп орналастыру мәселесін тағы да ортаға салмақ.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар