Йеменде бір сауда орталығына зымыран құлады

Шабуыл кезінде 11 жазықсыз адам қаза тапты.

352258
Йеменде бір сауда орталығына зымыран құлады

Йеменнің Таиз қаласында Энсаруллах қозғалысы (хоуситтер) мен әкімшілік жақтастары Халық көтерілісі күштері арасындағы қақтығыстар үздіксіз жалғасуда.
Қақтығыстар кезінде бір сауда орталығына зымыран құлауы себепті 11 адам қаза тапты.
Хоуситтер мен төңкерілген басшы Али Абдуллах Салих жақтаушылары қоршауға алғандары Таиз қаласына жиі шабуылдар ұйымдастыруда. Әлеуметтік тіршілік алаңдары нысанаға алынған шабуылдар жазықсыз адам шығындарын арттыруда.
Йеменде алты ай бұрын шиіт хоуситтер алып қашқан және араларында журналисттер де бар 3 АҚШ, 2 Сауд Арабиясы және 1 ағылшын азаматын еркін жіберді.
Арнайы бір ұшақпен Оманның астанасы Маскатқа апарылған шетелдіктер сол жерден елдеріне өтеді.
Шетелдік тұтқындардың босатылуында Оман әкімшілігінің рөлі бар екені білдірілді.
Өткен ай болса астана Санада алып қашқан және алты ай бойы кепілдікке алынған Француз азаматын еркін жіберген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар