Теңіз тасбақалары

Теңіз тасбақалары тұқымын жалғастыру үшін арпалысуда

387953
Теңіз тасбақалары

Тасбақалар--бауырымен жорғалаушылар отрядының бірі. Тасбақалар ыстық шөлді жерлерді, тропиктік ормандарды, тау беткейлерін, өзен, көл, батпақ, елді мекендер маңын, теңіз жағалауларын, мұхиттарды мекендейді.
Теңіз тасбақалары тұқымын жалғастыру үшін арпалысуда.
Тұқымының таусылуына қауіп төнген теңіз тасбақалары өздері үшін жайлы мекен Орта Америка елі Коста-Риканың батыс жағажайларында өмір сүруде.
Теңіз тасбақалары жолдың жапасына қарамастан жағажайға келіп жұмыртқалайды. Олар жұмыртқаларын теңіз жағажайларындағы сенімді жерге көмген соң қайтадан суға сүңгиді. Әр бір теңіз тасбақасы бір жолда 100-ге тарта жұмыртқа туады. Жұмыртқадан шыққан балапандары өз талпыныстарымен теңізге барып өмір сүреді.



Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар