Гватемала президенті тұтқындалды

Гватемала президенті Отто Перес Молина тұтқындалды.

342631
Гватемала президенті тұтқындалды

Гватемала президенті Отто Перес Молина сыбайлас жемқорлыққа қатысты деген дауға байланысты қамауға алынды.
Шешімді президент отставкаға кеткеннен кейін бірнеше сағаттан соң қабылдады. Сейсенбіде Конгресс бас прокурорға Перес Молинаға айып тағуға мүмкіндік берген. Тергеу президентке Ұлттық кеден қызметінен миллион доллар жымқырды деген күдікпен айып тақты.
Перес Молина мен басқа да жоғарыда тұрған мемлекеттік қызметшілер тауарларына баж төлеуден босату үшін бизнесмендердің кеден қызметіне берген парасынан пайыз иеленген болуы ықтимал.
Ал, президент заңға қайшы ештеңе жасамағанын айтқан. Бейсенбіде вице-президент Алехандро Мальдонадо осы жексенбіде өтетін президенттік сайлау қарсаңында мемлекеттің уақытша басшысы ретінде ант берген болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар